19:51 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Саясат
Қысқа сілтеме алу
626 0 0

Бұған дейін Қазақстан президенті Тимур Сүлейменовті көмекшісі етіп тағайындаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа көмекшісі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен бұған дейін елші қызметін атқарған Мұрат Нұртілеуов президенттің көмекшісі лауазымына ие болды.

"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген хабарламада.

Жаңа көмекші туралы не білеміз?

Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін білім алған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, Қазақстанның сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Қазақстанның сыртқы істер министрі хатшылығының жетекшісі, Қазақстан парламентінің сенат аппараты басшысының орынбасары, Қазақстанның парламенті сенат аппаратының басшысы, Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Азия және Африка департаментінің директоры, Қазақстанның Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінің кеңесші уәкілі, Қазақстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқанған.

2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстандағы Финляндиясы елшісі болған.

Кілт сөздер:
кадрлық тағайындаулар, президенттің көмекшісі, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып