Саясат

Назарбаев Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

© Пресс-служба президента Украины / Медиабанкке өту Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко
  Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президенті мен Украина басшысы алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Тоқаев тағы да Путинмен телефон арқылы сөйлесті
"Әңгімелесу барысында Украина президенті Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Украина қарым-қатынастарын дамыту және екі ел халықтарының арасындағы достықты нығайту ісіндегі тарихи рөлін атап өтті", - деп жазылған хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 20 наурыз күні президенттік өкілеттігін тоқтатты. Келесі жылы өтетін сайлауға дейін Қазақстанды Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады.

Ал Украина президенті сайлауы 31 наурызда өтеді. Петр Порошенко екінші рет президент болудан үміттеніп отыр.

Жаңалықтар
0