16:42 04 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Саясат
Қысқа сілтеме алу
113 0 0

Ангела Меркель Қазақстанның жетістіктері Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның федералдық канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында Германия канцлері Ангела Меркель Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімін зор құрметпен қабыл алғанын айтқан.

"Ангела Меркель тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері Елбасының есімімен тікелей байланысты екенін, сондай-ақ оның халықаралық аренадағы беделін, әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жемісті күш-жігерін атап өтті", - делінген хабарламада.

Германия канцлері Нұрсұлтан Назарбаевтың қос ел арасындағы достық пен сенімге негізделген ынтымақтастықтың қалыптасуына және нығаюына қосқан үлесін ерекше бағалады.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Назарбаев не істей алады?

Ангела Меркель Назарбаевқа зор денсаулық, сондай-ақ халықтың игілігі жолындағы алдағы қызметіне табыс тіледі.

Екі жақ өзара байланысты әрі қарай жалғастыра беруге уағдаласты.

Назарбаев пен оның отбасы қандай кепілдікке ие?

Кілт сөздер:
Ангела Меркель, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып