07:04 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
Серік Қожаниязов

Тоқаев президенттің Байқоңырдағы арнаулы өкілін қызметінен босатты

служба региональных коммуникаций Кызылординской области
Саясат
Қысқа сілтеме алу
53401

Серік Қожаниязов Байқоңырда арнаулы өкіл ретінде бес жыл еңбек еткен

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Байқоңыр" кешеніндегі президенттің арнаулы өкілі Серік Қожаниязовты қызметтен босатты, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы бұл өкімге 30 наурызда қол қойды.

Серік Салауатұлы Қожаниязов Қазақстан президентінің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі болып 2014 жылдың мамырында тағайындалған еді.

54 жастағы Серік Қожаниязов Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кузбас политехникалық институтын "Инженер-механик" мамандығы бойынша тәмамдады. Сонымен бірге, Еуразия ұлттық университетінде "экономист" мамандығы бойынша диплом иеленді.

Еңбек жолын 30 жыл бұрын Қызылорда механикалық жөндеу зауытында инженер-технолог болып бастады. 2007-2008 жылдары Қызылорда әкімі болған. 2012-2014 жылдары Қазақстанның премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Тақырып бойынша

Тоқаев бұрынғы министрді көмекшісі етіп тағайындады
Тоқаев Ақордада алғаш рет кадрлық ауыс-түйіс жасады
Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады
Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы басқа қызметке тағайындады
Тоқаев тағы бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, қызметтен кету, "Байқоңыр" ғарыш айлағы
Загрузка...

Басты тақырып