11:12 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Алмазбек Атамбаев

Атамбаев арнайы операция кезінде ұсталды ма – ресми түсініктеме

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Саясат
Қысқа сілтеме алу
550212

Әлеуметтік желіде саясаткер Таш-Мойнок ауылында ұсталды деген ақпарат тарап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ұсталуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Комитеттің баспасөз қызметі арнайы операция кезінде Таш-Мойнок ауылында Алмазбек Атамбаев ұсталды деген ақпараттың жалған екенін хабарлады.  

"Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған ақпараттың таралуын деструктивті күштердің қоғамды жаңылыстыру әрекеті деп бағалап отыр. Комитет бұл оқиғаға қатысы бар тұлғаларды анықтайтын болады",- деп жазылған хабарламада.

Комитет жалған ақпарат тарату үшін Қырғызстан заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Тақырып бойынша

Атамбаев қазақ-қырғыз қарым-қатынасының болашағы туралы айтты
Атамбаев Қазақстан тарапынан айтылып жатқан сыннан рақаттанатынын айтты
Тоқаев Атамбаев жайлы: бәрі түсінікті болды, сауығып кетуін тілейміз
Атамбаев: Назарбаев мені ешқашан кешірмейтінін білдім
Атамбаев қатты айтқан сөздері үшін кешірім сұрады
Кілт сөздер:
президент, жалған ақпарат, Қырғызстан, Алмазбек Атамбаев
Загрузка...

Басты тақырып