03:51 11 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.19
  • EUR427.71
  • RUB6.07
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин

Тоқаев Путинмен кездесуінде: Мен алтын ғасырдың президенті болдым

© Sputnik / Алексей Дружинин
Саясат
Қысқа сілтеме алу
941 0 0

Көрші елдердің басшылары болашаққа қатысты жалпы жоспарларын ортаға салды

НҰР-СҰЛТАН. 3 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінің терең символдық мәні бар екенін мәлімдеді. Кремлде оларды екі елдің министрлерінен құралған делегациялар бастап жүрді.

Екі сағаттық келіссөздерден кейін елдердің басшылары баспасөзге сұхбат берді. Кездесудің қорытындысы бойынша орыс және қазақ тілдерінде бірлескен мәлімдеме оқылды. Путин алғашқы сапарын Ресейге жасағаны үшін Тоқаевқа алғысын білдірді. Қазақстан көшбасшысы өз сөзінде:

"Мен Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының алтын ғасырында президент лауазымына кірістім.Менің алғашқы ресми сапарымның терең символдық мәні бар, ол біздің елдеріміздің қарым-қатынасы ерекше мәртебеге ие екенін білдіреді", - деп атап өтті.

Тоқаев екі елдің достығын нығайтуға бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев зор еңбек сіңіргенін айтуды ұмытпады.   

Келіссөздер барысында мемлекет басшылары экономикадан студенттер алмасуға дейінгі мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық түріне тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстанда ресейлік технологияларды қолдана отырып атом электр станциясын салу жобасы жоғары деңгейде талқылануда.  

Мәдениет майданында да маңызды жаңалық болмақ: Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі аумағында Қазақстан мәдени-іскерлік орталығы жұмыс істейді.   

Путин мен Тоқаевтың келесі кездесуі 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында өтеді.

Тақырып бойынша

Тоқаев "Бір белдеу – бір жол" туралы: Қазақстан үшін бұл жобаның маңызы зор
Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің алдағы ұстанымы қандай болатынын айтты
Тоқаевты Мәскеуде дұрыс қарсы алмады ма - саясаттанушылар пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің баспасөз мәслихаты – видео
Кілт сөздер:
экономика, саясат, Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып