Саясат

Тоқаев желіде Тасмағамбетов, Мәсімов, Сағынтаевпен бірге түскен суретін жариялады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльдегі келіссөзден кейін түскен суретімен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Президент Twitter парақшасында ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов, Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов және президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаевпен бірге түскен суретпен бөлісті.

© Photo : Официальный аккаунт президента РК в TwitterКремльдегі келіссөздерден кейін
Тоқаев желіде Тасмағамбетов, Мәсімов, Сағынтаевпен бірге түскен суретін жариялады - Sputnik Қазақстан
Кремльдегі келіссөздерден кейін

Сондай-ақ фотодан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов пен президент көмекшісі Тимур Сүлейменовті көруге болады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев алғашқы ресми сапарын Ресейден бастады

Қасым-Жомарт Тоқаев 3 сәуір күні Мәскеуге барған болатын. Бұл – президент лауазымындағы оның алғашқы шетелдік сапары. Қазақстан президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. 

Жаңалықтар
0