Саясат

Тоқаев Ақордада партия басшыларын қабылдады

© Photo : АқордаТоқаев Ақордада партия басшыларын қабылдады
Тоқаев Ақордада партия басшыларын қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесу барысында қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада партия жетекшілерін қабылдады, деп хабарлайды президенттің ресми сайты. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады", - деп хабарлады Ақорда. 

Кездесу барысында қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Жаңалықтар
0