08:40 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
817 0 0

Мәжіліс вице-спикері Тоқаевтың шетелдегі қызметі сайлауға түсуіне кедергі бола ма деген сұраққа жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелде қызмет еткені президенттікке үміткер болуына кедергі болмайды. Бұл туралы әділет вице-министрі Наталья Пан мен мәжіліс вице-спикері Гүлмира Исимбаева айтты.

Президенттікке үміткер 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын, жоғары білімі бар азамат болуы шарт. Мемлекет басшысы Тоқаев 2011-2013 жылдары БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ Еуропалық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

"Бұл қызметіне байланысты болды. Қазақстан Республикасы қызмет бабымен жібергендіктен, кандидатурасын ұсынуға кедергі бола алмайды", - деді әділет вице-министрі Наталья Пан сәрсенбі күні тілшілерге.

Президент сайлауына кім түсе алмайды?

Осы жайтты мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исимбаева толығырақ түсіндіріп өтті.

"Заң бойынша Тоқаев та басқа дипломаттар сияқты сайлауға қатыса алады. Себебі ел аумағынан тысқары қызмет ету жұмыс сапары болып саналғандықтан, шетелде жұмыс істеуге жатпайды. Дипломаттардың бәрі басқа елде белгілі бір мерзімде жұмыс сапарында жүр. Сондықтан заң бойынша ешқандай кедергі жоқ", - дейді мәжіліс вице-спикері.

Айта кетсек, кеше 9 сәуір күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы қазақстандықтарға үндеу жариялап, президенттің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді.

Тоқаев президент сайлауына қатыса ма - баспасөз хатшысы жауап берді

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

Дариға Назарбаева президент сайлауына қатыса ма – саясаттанушы пікірі
Ақорда кезектен тыс президенттік сайлау туралы жарлықты жариялады
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы қалай тағайындалады
"Нұр Отан" президентке кандидаттың есімін қашан жариялайды  
Кілт сөздер:
президент сайлауы, Қасым-Жомарт Тоқаев, дипломаттар, шетел
Загрузка...

Басты тақырып