23:44 21 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты

Қазақ тілін білуі тиіс: ОСК президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарды атады

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Саясат
Қысқа сілтеме алу
156 0 0

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын әзірлеу мен өткізудің күнтізбелік жоспарын бекітті

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті.

Президенттікке үміткерлерді ұсыну 2019 жылдың 10 сәуірінен басталып, осы жылдың 28 сәуірінде сағат 18:00-де аяқталады.

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • тумысы бойынша азаматтығы;
  • соңғы 15 жылда Қазақстан аумағында тұруы;
  • жоғары білімі:
  • 40 жасқа толған болуы;
  • белсенді сайлау құқығы;
  • мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс.

Конституцияда және "Сайлау туралы" конституциялық заңда кандидаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру тәртібі көрсетілген.

Алдымен, республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органының отырысы өтіп, кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме жасалады.

Құжат кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатты да тапсыру керек. Үміткердің қойылатын талаптарға сай болуы бес күн ішінде анықталады.

Тақырып бойынша

"Сіздерге байланысты": Тоқаев сайлаудың әділ өтуіне кепілдік беретінін айтты
Кім Қазақстан президенті бола алады?
Мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге үкіметте қаражат жетеді
Кезектен тыс сайлау: "Нұр Отанның" екі басты үміткері бар – саясаттанушы пікірі 
Қазақстан коммунистерінің көшбасшысы Айқын Қоңыровтың өмірбаяны
Кілт сөздер:
үміткерлер, талап, президент сайлауы, президенттік сайлау
Загрузка...

Басты тақырып