22:09 12 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.30
  • EUR428.14
  • RUB6.08
Иманғали Тасмағамбетов

Иманғали Тасмағамбетов неліктен президент бола алмайды – саясаттанушы пікірі

© Sputnik / Евгения Новоженина
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
1159401

Саясаттанушының айтуынша, Тасмағамбетов өзінің саяси амбицияларын ашық жарияласа, билік транзитінің қазіргі сценарийі бұзылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Иманғали Тасмағамбетовтың президент сайлауына қатысуға мүмкіндігі жоқ. Мұндай пікірді қазақстандық саясаттанушы Оразғали Сельтеев білдірді.

Оның айтуынша, Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалғаннан кейін, билік транзиті жағдайында толығымен "блокталды".

"Қазір оны саяси аренаға жіберу мәселесі қарастырылмайды. Белсенді бейтараптандыру кезеңі Мәскеуге жіберу уақытымен тұспа-тұс келді. Соңғы екі жыл ішінде қаржылай әлсірету үшін қосымша шаралар қабылданды. Сондықтан Иманғали Тасмағамбетов қазіргі таңда нақты саясаттан толықтай аластатылды", – деп пікір білдірді саясаттанушы Telegram арнасында.

Дегенмен бұл билеуші ​​элитаның Тасмағамбетовке ерекше қарым-қатынасын өзгертпейді, Сельтеевтің пікірінше, "Қазақстанның ең харизмалық саясаткерлерінің бірінен қорқады, құрметтейді, көре алмайды және жек көреді".

Сонымен қатар, Тасмағамбетов ешкім күтпеген қадамға баруы мүмкін. Егер ол өзінің саяси амбицияларын ашық жарияласа, Сельтеевтің айтуынша, билік транзитінің қазіргі сценарийі бұзылуы ықтимал. Дегенмен, қазіргі жағдайда олай болуы екіталай.

"Ол барлық жағдайды транзиттің басты операторлары мен кураторлары қатаң бақылауда ұстап отырғанын түсінеді. Тасмағамбетов қазіргі жағдайға бой ұсынбаған күннің өзінде әліптің артын бағады. Оның саяси билікке деген талаптары кейінірек – Нұрсұлтан Назарбаев толығымен кеткеннен кейін көрінеді", - деп толықтырды сарапшы.

 

 


 

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

Президент сайлауы: әр кандидатқа бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінуі мүмкін
Президент сайлауы: кандидаттың қазақ тілін білетіні қалай анықталады?
Nur Otan партиясы президенттікке өз кандидатын 23 сәуірде ұсынады
Назарбаев кезектен тыс президент сайлауының не үшін қажет екенін айтты
Перуашев партия жетекшілерінің Тоқаевқа қандай өтініш білдіргенін айтты
Қазақ тілін білуі тиіс: ОСК президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарды атады
Кілт сөздер:
президент сайлауы, Иманғали Тасмағамбетов
Загрузка...

Басты тақырып