10:36 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Ақша

Президент сайлауы: үкімет 12 млрд теңгені неге азайтты?

© Sputnik / Абзал Калиев.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
174 0 0

Орталық сайлау комиссиясы үкіметтен кезектен тыс президент сайлауына 12 миллиард теңге бөлуді сұраған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына үкімет резервінен 9,4 миллиард теңге бөлінетін болды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Үкімет кезектен тыс президент сайлауын өткізуге үкімет резервінен 9,4 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Смайыловтың айтуынша, қаражаттың негізгі бөлігі республика бойынша құрылатын 10 мың сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға бағытталмақ.

"Сайлау учаскелеріне 70 мыңға тарта адам тартылады. Бұл ақша, негізінен, сайлау учаскелерінде істейтіндердің жалақысына жұмсалады", - деді ол үкімет кулуарында.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы үкіметтен 12 миллиард теңге сұраған болатын. Қаржы министрі бұл соманың неге азайтылғанын түсіндірді.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың өзін көрсететін кезі келді - саясаттанушы

"О баста өтінімдер өңірлерден келді. Біз әр аймақ бойынша сайлау учаскелерінің саны мен оған тартылатын адамдардың санын нақтыладық. Сол кезде кейбір адамдардың сайлау науқанының соңына дейін істемейтіні анықталды. Тағы да басқа жағдайлар бар. Соның бәрін ескеріп, нақтылап, 9,4 миллиард теңгеге түзеттік", - деді Смайылов.

Айта кетсек, осы жылдың 9 маусымында Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді. Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады. Үміткерлерді елімізде ресми тіркелген партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынуға құқылы.

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

Президент сайлауына кім түсе алмайды – ОСК жауабы
"Ешқандай жауап жоқ" Орталық сайлау комиссиясы бір партияны "жоғалтып алды"
Заңгер: Тоқаевтың БҰҰ-дағы қызметі сайлауға түсуге кедергі болмайды
Қазақстан партиялары өз кандидатының аты-жөнін қашан жариялайды?
Назарбаевтың бұрынғы қарсыласы сайлауға түсуге дайын екенін айтты
Кілт сөздер:
бюджет, Үкімет, президенттік сайлау, президент сайлауы
Загрузка...

Басты тақырып