22:14 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Париждегі Құдай Ана ғибадатханасы өртенді

Нотр-Дамдағы өрт: Тоқаев Франция халқына көңіл білдірді

© AFP 2019 / FRANCOIS GUILLOT
Саясат
Қысқа сілтеме алу
110 0 0

Мемлекет басшысы Париждегі Құдай Ана ғибадатханасы француз және әлем мәдениетінің ерекше ескерткіші екенін атап өтті

АЛМАТЫ, 16 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Құдай Ана ғибадатханасында болған өртке қатысты Twitter парақшасында пост жариялады.

"Франция президенті мен халқына француз және әлем мәдениетінің ерекше ескерткіші - Париждегі Құдай Ана ғибадатханасының өртке орануына байланысты көңіл білдіремін", - деп жазды мемлекет басшысы.

​Бұған дейін төтенше оқиғаға байланысты Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель, АҚШ президенті Дональд Трамп және Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй өздерінің жүрекжарды сөздерін жеткізген.

Париждегі Құдай Ана ғибадатханасы 15 сәуірде кешке алапат өртке оранды. Тілсіз жау ғибадатхананы бүтіндей жалмап, шіркеудің төбесі құлаған.

​Апат орнына Франция президенті Эммануэль Макрон мен француз үкіметінің басшысы барыпты. Қазір өрт ауыздықталды. Өрт сөндірушілер тарихи ғимараттың мұнарасы мен маңдайшасын аман алып қалған.

Бейресми деректерге сүйенсек, ғибадатханадан қайта жөндеу жұмыстары кезінде өрт шыққан болуы мүмкін. Оның үстіне шіркеудің бір бөлігін орман басып тұрған екен.

Тақырып бойынша

Тоқаев Өзбекстан президенті жайлы не ойлайтынын ашық айтты 
Тоқаев мемлекеттік сапармен Ташкентке барды
Назарбаев, Тоқаев пен елорда әкімі қайда дауыс береді
Тоқаев пен Мирзиёев бірлескен мәлімдеме жасады
Тоқаев Мирзиёевке: Біз Өзбекстанның дамуын зор қызығушылықпен бақылап отырамыз
Тоқаев заңға қол қойды: маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі
"Мирзиёевтің арқасы" Тоқаев Өзбекстан президентін неге мақтады
Кілт сөздер:
ғибадатхана, Париж, Франция
Загрузка...

Басты тақырып