06:47 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инді қарсы алды

Тоқаев Ақордада Оңтүстік Корея президентін қарсы алды

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
676 0 0

Корея президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Қазақстанда жүр

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Инді салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент Кореи Мун Чжэ Ин во время встречи в Акорде
© Sputnik / Владислав Воднев
Ақордада Оңтүстік Корея президентін қарсы алу кезінде мемлекеттік әнұран тыңдалды

Екi елдiң мемлекеттiк әнұраны орындалғаннан кейiн Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин ресми кездесу өткiзу бөлмесiне өттi. Осыдан кейін қос ел президенттері журналистер алдында мәлімдеме жасайды деп жоспарланып отыр.

Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары

Айта кетсек, бұл Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары.

Корея республикасының президентін әуежайда кім қарсы алды?

Корея республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Қазақстан астанасына 21 сәуір күні келген еді. Сапар аясында Мун Чжэ Ин Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарлануда, Сондай-ақ, Қазақстан-Корея бизнес форумына қатыспақ. Бизнес форумға екі елдің іскер топтарынан 300-ден аса өкіл қатысады деп болжанып отыр.

Мун Чжэ Иннің Нұр-Сұлтанға сапары аясында бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылады деп жоспарлануда. Соның ішінде сотталғандарды беру туралы келісімшарт, жаңа технологиялар, инфрақұрылым, логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларын қамтитын жаңартылған ынтымақтастық бағдарламасы бар.

Кілт сөздер:
Ақорда, президент, Оңтүстік Корея, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып