00:09 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Флаги Казахстана и Кореи

Қазақстан Оңтүстік Корея батырларының сүйегін еліне қайтарды

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
104 0 0

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Инмен кездесуінде тәуелсіздік үшін күрес жолындағы қозғалыстың қос батырының сүйегі Корея еліне қайтарылғанын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Оңтүстік Корея президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді

"Қазақ және корей тілдерінің Орал-Алтай тобында болуы халықтарымыз тарихының ортақ екенін көрсетеді. Біз Оңтүстік Кореяның экономикалық жетістіктеріне және Корея халқының мәдениеті мен дәстүріне ерекше қызығушылықпен қараймыз. Қазақстандағы корей диаспорасы екі халықтың арасын жалғап отырған алтын көпір ретінде бұл үдерісте маңызды рөл атқарады", - деді Тоқаев Ақордада Оңтүстік Корея президентімен кездесу барысында.

Оңтүстік Корея батырларының сүйегі еліне қайтарылды

Тоқаев Мун Чжэ Иннің Кореяның ұлттық батыры мен ағартушысының сүйектерін туған жеріне қайтарып, ізгі миссия атқарғанын атап өтті.

"Осы орайда еліңіздің тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы қозғалыстың жүз жылдығымен баршаңызды құттықтаймын", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев Қазақстан мен Корея саяси тұрғыдан өзара мүддені құрметтеуге негізделген ынтымақтастықтың тиімді үлгісін қалыптастырғанын айтты. Сонымен қатар, барлық деңгейде тығыз байланыс орнатылып, күн тәртібіндегі барлық мәселе іскерлік және сындарлы негізде шешімін тауып жатқанын тілге тиек етті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ақордада Оңтүстік Корея президентімен кездесті

"Екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша рөлін атап өту қажет. Бүгінгідей тарихи оқиғалар кезеңінде Қазақстанның сыртқы саясатындағы сабақтастық сақталатынын және қазақ-корей қатынастарына ерекше мән беретінімізді растаймын", - деді президент.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент Кореи Мун Чжэ Ин во время встречи в Акорде
© Sputnik / Владислав Воднев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин

Мемлекет басшысы бүгін қабылданған бірлескен мәлімдеме екі елдің мүддесіне сай келетініне кәміл сенетінін атап өтті.

Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары

Корея республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Қазақстан астанасына 21 сәуір күні келген еді. Сапар аясында Мун Чжэ Ин Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Қазақстан-Корея бизнес форумына қатыспақ. Бизнес форумға екі елдің іскер топтарынан 300-ден аса өкіл қатысады деп болжанып отыр.

Мун Чжэ Иннің Нұр-Сұлтанға сапары аясында бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылады деп жоспарланып отыр. Соның ішінде сотталғандарды беру туралы келісімшарт, жаңа технологиялар, инфрақұрылым, логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларын қамтитын жаңартылған ынтымақтастық бағдарламасы бар.

Кілт сөздер:
батыр, Қазақстан, Оңтүстік Корея
Загрузка...

Басты тақырып