17:11 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Бердібек Сапарбаев

Сапарбаев: Сайлауға кем дегенде 500 мың мүмкіндігі шектеулі азамат қатысуы тиіс

СЦК
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
356 0 0

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі елімізде 680 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев сайлау кезінде мүгедек жандарға еріктілер мен студенттер көмектесуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ертең Назарбаев Nur Otan-нан президент сайлауына кім түсетінін айтады

Оның айтуынша, Қазақстанда 680 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар.

"Мұның ішінде балаларды, соттың шешімімен сайлауға қатыспайтын адамдарды есептегеннің өзінде 500 мың мүмкіндігі шектеулі азамат осы сайлауға қатысуы керек. 2015 жылы біз Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын бекітіп мақұлдадық. Өзімізге халықаралық міндет алдық, оны орындауымыз керек", - деді ол Орталық сайлау комиссияның отырысында.

Сонымен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұл жұмысты жергілікті билік өкілдерімен бірігіп жүргізу керек екенін айтты.

Президентке кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі

"Жергілікті билік өкілдерімен бірге құлағы естімейтін, көзі көрмейтін адамдардың жанында көмекшілердің, сурдоаудармашылардың болуын қамтамасыз етуіміз қажет. Жергілікті билік өкілдері бұл жұмысқа еріктілерді, 3-4 курс оқитын ЖОО студенттерін жұмылдыруы керек. Ең маңыздысы, 9 950 сайлау учаскесінде азаматтарға жағдай жасау қажет", - дейді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, ведомство басшысы 2018 жылы министрлік жанында мүгедектерге көмек көрсетуге арналған портал іске қосылғанын жеткізді.

Президентке кандидаттар қандай әдеби шығарма бойынша емтихан тапсырады?

"Қазіргі таңда интернет порталға 30 мыңнан астам көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары енгізілді. Оған қосымша 6 500 сайлау учаскесі енгізілді. Орталық сайлау учаскесі ұсынып отырған келісімді қолдаймыз. Бірігіп жұмыс жасаймыз. Жергілікті билік өкілдерімен барлық керекті мәліметті сайлау учаскелеріне, орталық комиссияға береміз", деп түйіндеді сөзін министр.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы үндеу жасап, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін мәлімдеген.

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

"Сайлауға түсуіне қарсы болған" Владимир Зеленскийдің әйелі туралы не білеміз?
Жүк тасушыдан партия төрағасына дейін: Азат Перуашев туралы не білеміз
Жолдасбеков президенттікке үміткерге қандай жағдайда "2" қойылатынын айтты
Тоқаев Зеленскийді айқын жеңісімен құттықтады
Нұрлан Қоянбаев президент сайлауына түсе ме? Есен Елеукен жауап берді  
Кілт сөздер:
сайлау, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, Бердібек Сапарбаев
Загрузка...

Басты тақырып