Саясат

Бекболат Тілеухан "Nur Otan" кандидаты жайлы: кімді ұсынатыны түсінікті ғой

Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайына Nur Otan партиясының делегаттары жиналып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясының мүшесі Бекболат Тілеухан билеуші партия ұсынатын кандидат жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кімді ұсынатыны түсінікті ғой. Қазір президент болып отырған Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасы лайық деп ойлаймын", - деді депутат.

Мәжілісмен Қазақстан демократиялық мемлекет екенін, сондықтан кез келген үміткердің сайлауда жеңіске жетуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Белгілі жазушы президенттікке кандидатурасын ұсынды

Айта кетсек, бүгін Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс XIX съезі өтеді.

Съезд барысында мерзімінен бұрын президент сайлауына түсетін кандидаттың есімі белгілі болмақ.

Кезектен тыс президент сайлауы

Кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына белгіленді.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Үміткерлерді елімізде тіркелген саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Жүрсін Ерман: елімізді әйел басқаратындай не күн туды?

Кезектен тыс президент сайлауына үкімет резервінен 9,4 миллиард теңге бөлінетін болды. Қаржының негізгі бөлігі республика бойынша құрылатын 10 мың сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға бағытталмақ.

Жаңалықтар
0