Саясат

Тоқаевтың ұсынуымен Жоғары соттың бес судьясы қызметінен босатылды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенаттың жалпы отырысында Дариға Назарбаева қызметінен босаған бес судьяға алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Президенттің ұсынуы бойынша Жоғары сот судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында президенттің ұсынуы бойынша сот судьяларын қызметінен босату туралы мәселе қаралды.

Қазақстан президенті Ақордада бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Еліс Әбдіқадыров басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғары сот судьясы қызметінен босатылды. Әбдіқадыров Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Ғалия Аққуова, Әділ Құрықбаев, Амангелді Сәрсенбаев және Моряк Шегенов отставкаға шықты.

Президенттің ұсынымын сенат депутаттары бірауыздан қолдады.

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева қызметінен босаған судьяларға ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.

"Басқа судьялық лауазымға тағайындалған және отставкаға шыққан судьяларға еліміздің сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Көп жылдар бойы сот саласында жинаған мол тәжірибеңізді жастармен бөлісесіздер деп сенемін. Болашақта сіздерге мықты денсаулық, мол табыс тілеймін", - деді спикер.

Жаңалықтар
0