13:57 22 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.87
  • EUR422.40
  • RUB5.87
Қазақстан президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне екінші кандидатты тіркеді

© официальный сайт ЦИК РК
Саясат
Қысқа сілтеме алу
626 0 0

Сәдібек Түгел республиканың 15 өңірінде өзін қолдауға қажетті қолды жинаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат ретінде "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған Сәдібек Түгелді тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов Сәдібек Түгелді қолдауға Қазақстанның 15 өңірінен 122 102 қол жиналғанын айтты.

Тоқаев Қазақстан президенттігіне ресми тіркелген алғашқы кандидат болды

"122 мың қолдың 120 175-сі шынайы деп танылды", -деді ОСК мүшесі.

ЦИК зарегистрировал Садыбека Тугела (справа) в качестве кандидата в президенты
Орталық сайлау комиссиясы Сәдібек Түгелді президенттікке кандидат ретінде тіркеді

Ол Сәдібек Түгелді Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін барлық қажетті құжат ОСК-ға тапсырылғанын және үміткердің барлық талапқа сай екенін атап өтті.

Осыдан кейін ОСК мүшелері Сәдібек Түгелді кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады. ОСК төрағасы Берік Имашев Түгелге президенттікке кандидаттың куәлігін табыс етті.

"Шорқақтығын байқатты" президенттікке үміткер қазақ тілінен сүрінді

Еске сала кетсек, Сәдібек Түгел Орталық сайлау комиссиясына президенттікке өз кандидатурасын ұсыну туралы бірінші болып өтініш берген еді. Ол "Ұлы Дала қырандары" республикалық қозғалысының атынан ұсынылды. Ал 24 сәуірде Түгел лингвистикалық комиссияның емтиханын сәтті тапсырып, мемлекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді.

Кандидат Еспаева қазақ тілінен емтихан тапсырған соң көзіне жас алды

Айта кетсек, бүгін таңертең Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеді.

Кезектен тыс президент сайлауы

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуір сағат 18:00-де аяқталды. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.

Тақырып бойынша

Президент сайлауы: соңғы минуттарда тағы бір кандидат құжат тапсырды
Президент сайлауы: үкімет 12 млрд теңгені неге азайтты?
Президент сайлауы - 2019: кезеңдері
Президент сайлауы: кандидаттар қандай әдеби шығармалар бойынша емтихан тапсырады?
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, үміткерлер, президент сайлауы
Загрузка...

Басты тақырып