Саясат

Тоқаев Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс жасады

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда, архивтегі фото
Ақорда, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өкімдерімен Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды.

 Сонымен, Марат Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болды, ол бұған дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарған.

Тоқаев Жоғары соттың бес судьясын қызметінен босатты

Қайдар Қарақұлов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Қаныш Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарады, бұған дейін ол "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болған.

Нұрлан Алдияров "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Қайрат Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болды.

 

Жаңалықтар
0