Саясат

Назарбаев пен Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

© AP Photo Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы ұшақтың өртенуінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мәскеуде ұшақ ішінде түсірілген жантүршігерлік видео жарияланды 

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев Шереметьево әуежайында жолаушылар ұшағының өртенуі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған. 

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Ресей халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.  

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек жазылып, отбасыларына оралуына тілектеспін", – деп жазды мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0