07:10 21 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.90
  • EUR422.74
  • RUB5.87
Мәжіліс ғимараты

Президенттікке кандидаттар депутаттық қызметін тоқтата ма – ОСК жауабы

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (70)
285 0 0

Президент сайлауына мәжіліс депутаттары Жамбыл Ахметбеков пен Дания Еспаева түседі

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков пен Дания Еспаева үгіт-насихат кезінде депутаттық қызметін жалғастыра береді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетсек, кезектен тыс президент сайлауына Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков және "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева түседі. Екі кандидат та қазір мәжіліс депутаты.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда президент сайлауын кімдер бақылайды?

"Заң бойынша лауазымды тұлға кандидат болып тіркелсе, онда ол қызметін тоқтатпайды, жалғастыра береді. Депутаттық сауал болса, заң жобаларын қараса немесе басқа жұмыс тобымен қаралып жатқан заң жобалары бойынша өз пікірін айтса, ол үгітке жатпайды. Олар өз қызметін атқарып жатыр деп айтамыз", - деді Баймолдина Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыстан кейін.

Қазақстан президенттігіне кандидаттар

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына жеті адам таласады:

  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (70)

Тақырып бойынша

Сайлауда кімге дауыс бересіз – Қазақстанда мұндай сұрақты кім қоя алады
Нұртас, Ислам және Еслямова: Тоқаевтың сайлауалды штабына тағы кімдер кірді?
Қазақстанда президенттікке кандидаттар тегін тамақ, ақша тарата ала ма? 
Сайлаудан кейін дауыс санаған 500 қызметкер көз жұмды
Әміржан Қосанов: Тоқаевтың уәдесіне сеніп келдім
Кілт сөздер:
депутат, президенттік сайлау
Загрузка...

Басты тақырып