06:32 21 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.90
  • EUR422.74
  • RUB5.87
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оралхалықаралық әуежайын қайта жөндеу жоспарымен танысты

Тоқаев Орал әуежайын қайта жөндеу жоспарымен танысты

© Официальный сайт Президента РК /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
34 0 0

Тозығы жеткен Орал әуежайын қайта жөндеу және кеңейту жұмыстары биыл шілде айында басталады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Орал"халықаралық әуежайын қайта жөндеу жоспарымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.   

1979 жылы іске қосылып, бүгінде тозығы жеткен Орал қаласының халықаралық әуежайына қайта жөндеу және кеңейту жұмыстары биыл шілде айында басталады. Жоспар бойынша 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс құрылыстың нәтижесінде, терминал көлемі 4 мыңнан 7 мың шаршы метрге дейін кеңейеді. Қазіргі уақытта терминалдың өткізу қабілеті – сағатына 200 жолаушы болса, жөндеуден кейін 400-ге дейін жететін болады. Қазір жылына 160 мың жолаушыға қызмет көрсетілсе, болашақта әуежай 350 мың жолаушыны қабылдап-шығарып салуға мүмкіндік алады.

Тоқаев 1 миллион қазақстандықтың жалақысын өсіретін заңға қол қойды

Қазақстан президенті әуежай терминалын қайта жөндеу Батыс Қазақстан облысында жайлы инвестициялық климат қалыптастырудың алғышарты екеніне тоқталды.

"Орал – Еуропаға шығатын басты қақпамыз. Шетелдік инвестицияға тартымды болу үшін мұндай жобаны сапалы әрі уақтылы орындау керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орал халықаралық әуежайын қайта жөндеу жұмыстарына бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг" компаниясы 2,4 миллиард теңге бөлген.

Тақырып бойынша

Тоқаевтың тапсырмасы: мамырдан бастап қазақстандықтарға 40 мың пәтер беріледі
Тоқаевтың тапсырмасы: әкімдер әлеуметтік желіде не бітірді?
Тоқаев: Мұнайға ғана сеніп, өмір сүруге болмайды
"Халықтың тұрмысын қиындатады" Тоқаев бірнеше қатаң тапсырма берді    
"Мүлде сын көтермейді" Семейде жүрген Тоқаев үкіметке тапсырма берді
Кілт сөздер:
Еуропа, Қасым-Жомарт Тоқаев, әуежай, Орал
Загрузка...

Басты тақырып