12:54 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу

Түркия министрі Қазақстандағы биліктің ауысуына қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Абзал Калиев.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2492 0 0

Мевлют Чавушоғлуның айтуынша, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемі елдері арасындағы байланысты нығайтуға зор үлес қосқан

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Елордада Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Мевлют Чавушоғлумен стратегиялық жоспарлау жөніндегі бірлескен тобы бесінші отырысының қорытындылары бойынша бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

"Бүгін әріптесім, бауырым Мевлют Чавушоғлумен өте жемісті кездесу өткіздік. Қазақ халқы мен түрік халқы тамыры терең тартқан ұлы бәйтеректің екі үлкен бұтағы іспетті. Қазақстан азаттық алғаннан кейін екі ел арасындағы ынтымақтастық бірден қарқынды дами бастады. Бүгінде Қазақстан мен Түркия саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, әскери және басқа салаларда белсенді түрде ынтымақтастық жүргізуде", - деді Бейбіт Атамқұлов.

Министр иностранных дел Казахстана Бейбут Атамкулов
© Sputnik / Абзал Калиев.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов

Сонымен қатар министр биыл қос мемлекет екі жақты қарым-қатынастардың стратегиялық деңгейге көтерілгенінің 10 жылдығын атап өтіп жатқанын айтты.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, Қазақстан мен Түркия арасында осы жылдың алғашқы тоқсанында екі жақты тауар айналымы 632 миллион долларға жетті.

"Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының түрлі салаларында түрік капиталының қатысуымен 2200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Біз "Жаңа синергия" бірлескен экономикалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жандандыруға уағдаластық", - деді министр.

Осы орайда оның сөзін Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу толықтырды.

"Біз қос елдің арасындағы инвестиция көлемін нығайтуды көздеп отырмыз. Түркі әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның президенті алдымызға нақты мақсат қойды. Біз қос мемлекет арасындағы тауар айналымын 5 миллиард доллардан 10 миллиард долларға дейін жеткізгіміз келеді", - дейді ол.

Министр иностранных дел Турции Мевлют Чавушоглу (слева) и министр иностранных дел Казахстана Бейбут Атамкулов
© Sputnik / Абзал Калиев.
Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу пен Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов

Сонымен қатар Түркияның сыртқы істер министрі Қазақстандағы биліктің ауысуына қатысты пікірін білдірді.

"Қазақстанда саяси өзгеріс болды. Біз бұл өзгерісті оң қабылдадық. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді. Қазақстанда президент сайлауы өтетінін білеміз. Бұрын Қазақстанда өткен президент сайлауын бақыладым. Түрік әлемінің құрметті ақсақалы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дамуы мен түркі әлемі елдері арасындағы қарым-қатынастың дамуына зор үлесін қосты. Ол – түркі әлемінің көшбасшысы. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты "Түркі әлемінің ақсақалы" деп сыйлайды. Оның шешіміне құрметпен қарайды", - деді Мевлют Чавушоғлу.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

Осы орайда шетелдік министр Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің сыртқы саясатын нығайту үшін маңызды жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

"Мен Қасым-Жомарт Тоқаевты біріншіден Қазақстан сенатының спикері ретінде білемін. Онымен БҰҰ-ның бас консулдығында жұмыс істегенінде кездескенмін. Бүгін құрметті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның құрметті президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесемін", - деп Түркияның сыртқы істер министрі сөзін түйіндеді.

Тақырып бойынша

АҚШ Қазақстандағы биліктің ауысуы туралы не дейді – елші айтып берді
Кілт сөздер:
президент сайлауы, билік, Қазақстан, Түркия
Загрузка...

Басты тақырып