11:57 23 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.75
  • EUR434.26
  • RUB6.12
Ақорда

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісін қызметінен босатты

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
3255 0 0

Саидмұрат Тәңірберген 2015 жылдың маусымында Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалған

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Саидмұрат Тәңірберген Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - деп жазылған Ақорданың сайтында. 

Саидмұрат Тәңірберген 1956 жылы туған. 1979  жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген. 

Әр жылдары экономика жөніндегі мемлекеттік комитетте әскери бағдарламалар бөлімінің бастығы, экономика министрлігінің қорғаныс өнеркәсібі экономикасы басқармасының бастығы, экономика министрлігі жанындағы мемлекеттік сатып алулар агенттігінің директоры, экономика және сауда министрлігінің мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры, стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің экономикалық саясат және арнаулы бағдарламалар департаменті директорының орынбасары, директоры, қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

Тағы оқыңыз: Тасмағамбетовтің інісі жаңа қызметке тағайындалды

2002-2015 жылдары – Қауіпсіздік кеңесінің сектор меңгерушісі, сыртқы және әскери қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, хатшылық меңгерушісінің орынбасары. 2015 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Тақырып бойынша

"Қамығып отырмыз": Түркиядағы қазақтар Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады
Назарбаев министр Қасымовты қызметінен босатты
Тоқаев Жақыпованы қызметінен босатты
"Менің ағам" Өзбекстан президенті Назарбаевқа алғысын айтты
Тоқаев Айдос Үкібайды қызметінен босатты
Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе берілді
Кілт сөздер:
Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып