07:18 14 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD389.34
  • EUR428.78
  • RUB6.05
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттеріне орден тақты

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
199 0 0

ЕАЭО елдері басшылары Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге қосқан айрықша үлесі үшін марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттерін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Мемлекеттік награда Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путинге, Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенкоға, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Шарипович Жээнбековке тапсырылды.

"Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен наградталсын", - деп жазылған жарлықта.

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді, ол екі мерейтойлық дата – Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясына 25 жыл және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толуына орайластырылмақ.

ЕАЭО-ның алғашқы "бесжылдығы" қорытындыланды – видео

Іс-шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады.

Молдова президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылаушы - мемлекет басшысы, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен ТМД атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев құрметті қонақ ретінде қатысады.

Тақырып бойынша

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы бола ма? Елбасы жауап берді
Еуразиялық экономикалық одақ: елдер, аумағы, халқы
Тоқаев Путинмен кездесуінде: Мен алтын ғасырдың президенті болдым
Идеядан нақтылыққа: Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың келешегі туралы айтты
Кілт сөздер:
орден, Еуразиялық экономикалық одақ, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып