02:38 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин

Путин Назарбаевқа еуразиялық интеграцияға үлес қосқаны үшін алғыс айтты

© Photo: Сайт Акорды
Саясат
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Ресей президенті жан-жақты диалогтың әрі қарай нығая беретініне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі.

Елбасы кездесу барысында Владимир Путинге "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденін тапсырды.

Нурсултан Назарбаев вручил Владимиру Путину орден Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев (Первый президент Республики Казахстан - лидер нации Нурсултан Назарбаев)
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденін тапсырды

Қазақстанның Тұңғыш президенті Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі нәтижелері мен әрі қарайғы даму перспективаларын атап өтті.

"Бес жыл бұрын, Сіз және Александр Лукашенко үшеуміз осы одақты құрдық. Біз жүзеге асырған бұл идея менің тарапымнан 25 жыл бұрын ММУ қабырғасында ұсынылған болатын. Қиын уақыттарға қарамастан, арамыздағы өзара сауда өсіп келеді. Бірлескен кәсіпорындардың саны артуда. Еуразиялық экономикалық одақ ЕО, ШЫҰ, АСЕАН және басқа да ұйымдармен интеграция жолымен жүруі тиіс деп есептеймін. Бізге осы жөнінде жұмыс істеу керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Владимир Путин өзіне тапсырылған марапат үшін Елбасына алғыс айтты және жан-жақты диалогтың әрі қарай нығая беретініне сенім білдірді.

"Сізге марапатыңыз үшін және интеграция ісінде, екі жақты қарым-қатынастарда, Ресей мен Қазақстанның өзара стратегиялық іс-қимылын дамытуда атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтқым келеді. Бұл ретте Сіздің зор еңбегіңіз бар", – деді Ресей президенті. 

Тақырып бойынша

Қырғызстан, Беларусь және Молдова президенттері Нұр-Сұлтанға келді
Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттеріне орден тақты
Тоқаев Путинмен кездесуінде: Мен алтын ғасырдың президенті болдым
Назарбаев пен Тоқаев тағы да Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Елордада өтетін мерейтойлы саммит: мемлекет басшылары не талқылайды?
Медведев ЕАЭО кеңеюі мүмкін екенін мәлімдеді 
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, Назарбаев, Владимир Путин
Загрузка...

Басты тақырып