Саясат

ЕАЭО-ға 5 жыл: бүгін Нұр-Сұлтанда одақтың мерейтойлық саммиті өтеді

© Sputnik / Болат ШайхиновТәуелсіздік сарайы
Тәуелсіздік сарайы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Елордада ЕАЭО-ның 5 жылдық мерейтойына орайластырылған Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.

ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды.

© Photo : Официальный сайт президента РКЕуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою рәсімі, 29 мамыр 2014 жыл, Астана
ЕАЭО-ға 5 жыл: бүгін Нұр-Сұлтанда одақтың мерейтойлық саммиті өтеді - Sputnik Қазақстан
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою рәсімі, 29 мамыр 2014 жыл, Астана

Нұр-Сұлтандағы мерейтойлық саммит

Бүгін Нұр-Сұлтанда Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады деп жоспарланып отыр.

Олар бес жыл ішінде ұйымның жеткен жетістіктерін талқылайтын болады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттеріне орден тақты

Сондай-ақ, отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде Молдова президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон мен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев қатыспақ.

ЖЕЭК-тің кезекті отырысына Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады.

Тағы оқыңыз: Еуразиялық экономикалық одақ: елдер, аумағы, халқы

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитінде одаққа мүше мемлекеттер ортақ энергетикалық нарықты қалыптастыруға байланысты мәселелерді қарастырып, одақтың кеден аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетіктерін реттейтін бірқатар халықаралық шартқа және ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қояды.

Бұған қоса, отырыс аясында ЕАЭО-ның цифрлы күн тәртібін іске асыру бойынша өзекті қызметтің маңызды мәселелері және Одақты одан әрі дамыту перспективалары қаралады. Сондай-ақ, мемлекет басшылары ұйымның 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын талқылайды.

Оқиға Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еуразиялық интеграция туралы идеяға 25 жыл және ЕАЭО туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толуына орайластырылған.

Жаңалықтар
0