НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Тараз қаласында өндіріс және мәдени орындарда болып, облыс жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесуі жоспарланған", - деп жазды ол facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, Тоқаев бұған дейін Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау Павлодар, Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс сапарымен болды.