10:48 16 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Конституция Республики Казахстан

Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі қалай өтеді?

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
161 0 0

Қазақстан президенті өкілеттігінің ауысуы 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Конституциялық заңның 27-бабында көрсетілген

Президент халыққа ант берген соң қызметіне кіріседі. Ант мәтіні:

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан республикасы президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн".

Республика президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.

Тағы оқыңыз: Түркиядағы қазақтар Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады

2019 жылы президент кезектен тыс сайлауда сайланатындықтан, ант беру рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі.

Бұл жағдайда ант беру күнін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Ант беру салтанатты жағдайда парламент депутаттарының, Конституциялық кеңес мүшелерінің, Жоғарғы сот судьяларының, сондай-ақ елдің барлық бұрынғы президенттерінің қатысуымен өткізіледі.

Тағы оқыңыз: Президенттікке кандидаттар өз үндеуін жариялады

Президент елдің Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан республикасының мемлекеттiк гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы президентке Қазақстан республикасы президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

"Жақсы өмірге жетудің жолын білеміз": президенттікке кандидаттар өз үндеуін жариялады
Президент сайлауының қорытындысы қашан жарияланады?
Сайлауалды дебат: президентікке кандидаттар не ұсынды?
Осы апта – сайлау: қазақстандықтар нені білуі тиіс
Бай мемлекетте кедейлер болмау керек – кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы
Кілт сөздер:
президент, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып