Саясат

Назарбаев отставкасы туралы: мен өзім де таңғалдым

© Photo : официальный сайт АНКЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанда, көптеген мемлекет басшысынан хаттар мен қоңыраулар келіп түскен

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қазақстан баршаға билік транзиті мәселесін қалай шешудің үлгісін көрсетті. Бұл туралы тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанда, барлық мемлекет басшысынан хаттар мен қоңыраулар түскенін айтты.

"Мұндай реакция болғанына өзім де таңғалдым. Біз тағы да бәріне билік транзиті мәселесін қалай шешудің үлгісін көрсеттік. Яғни, барлық жағдайда халық даналығына жүгіну керек",- деді Назарбаев сенатта.

Айта кетсек, бүгін сенатта Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" төсбелгісі мен куәлігі табысталды.

Қазақстан президенті сайлауы

2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететінін мәлімдеді. Келесі күні сол кездегі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде халыққа ант берді.

Сәуір айында Тоқаев республикалық арналар арқылы Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жария етті. Президент сайлауы осы жексенбі, 9 маусымда өтеді.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне 7 кандидатты тіркеді. Олар:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Жаңалықтар
0