Саясат

Ресей депутаты Қазақстандағы сайлауға баға берді

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Анатолий Выборный, архивтегі фото
Ресей мемлекеттік думасының депутаты Анатолий Выборный, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Выборный халықтың мұң-мұқтажын білетін әрі түсінетін адам ғана сайлауда жеңіске жете алады деген пікірде

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ресей мемлекеттік думасының депутаты Анатолий Выборный Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы парламентаралық ассамблеясының атынан келген бақылаушылар тобына кіреді.

Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев баратын учаскеде не болып жатыр – фото

"Бүгін біз сайлау учаскесі ашылмай тұрып келдік. Негізгі мақсат – сайлауға дайындықты көру. Басқа бақылаушылармен де кездестік. Шынымен де, тәуелсіз бақылаушылар келді. Олардың ішінде азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бар", - деді Выборный Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, әзірге ешқандай кемшілік байқалып жатқан жоқ. Сайлау учаскесі уақытында ашылды. Адамдар емін-еркін келіп, дауыстарын беріп жатыр.

"Қазақстан халқы үздіктердің ішінен үздік кандидатты таңдайды деп сенеміз. Халықтың мұң-мұқтажын білетін әрі түсінетін адам ғана сайлауда жеңіске жете алады", - деп атап көрсетті Выборный.

Қазақстан президенті сайлауы

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне жеті кандидатты тіркеді:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Жаңалықтар
0