Саясат

Кандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс беруге отбасымен келді - фото

© Sputnik / Александр МирогловКандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс беруге отбасымен келді
Кандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс беруге отбасымен келді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл Ахметбеков Қазақстан президенттігіне кандидаттардың ішінде алғашқы болып дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан сайлауға түскен Жамбыл Ахметбеков президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ахметбеков таңғы сағат сегізде №66 орта мектепте орналасқан сайлау учаскесіне келді. Осылайша ол мемлекет басшысы лауазымына таласқан кандидаттардың ішінде дауыс берген алғашқы үміткер болды.

Ахметбеков кезектен тыс президент сайлауында өз таңдауын жасауға отбасымен бірге келді. Кандидаттың қасында әйелі мен анасы болған.

"Бүгін баршамыз үшін ерекше күн. Сол себепті мен бұл жерге отбасымды ерте келдім. Анам да жанымда. Ол кісі өмірінде бірде бір сайлаудан қалып көрген емес", - деді Ахметбеков журналистерге.

© Sputnik / Александр МирогловКандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс беруге отбасымен келді
Кандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс беруге отбасымен келді - фото - Sputnik Қазақстан
Кандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс беруге отбасымен келді

"Жеңіске жетуге мүмкіндігіміз зор деп санаймын. Біздің үгітшілер мен еріктілер халыққа сайлауалды бағдарламаны жеткізу үшін барын салды", - деді кандидат-коммунист.

Бүгін, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Қазақстан президенттігіне жеті адам таласуда. Қазақстандықтар таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін өз таңдауын жасай алады.

Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңірінде сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды. Олардың жалпы саны – 9920 учаске.

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтан қаласындағы №58 сайлау учаскесі
Кандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс беруге отбасымен келді - фото - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтан қаласындағы №58 сайлау учаскесі

Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де ашылды.

Жаңалықтар
0