Саясат

"Жағымды бір жаңалық келді": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент ішкі тұрақтылық болса, реформалар ары қарай ойдағыдай жүргізілетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев №115 сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін арнайы баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Жағымды бір жаңалық келді: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

"Бұл – халқымыздың жарқын болашағы үшін таңдау. Меніңше, сайлау – бұл үлкен мереке. Бұл қақтығыстың алаңы емес, бұл - үміткерлердің ұсыныстары мен бағдарламалары бәсекеге түсетін дода. Біздің еліміздің ең басты құндылығы – бұл татулық, бірлік пен ынтымақ. Сондықтан бәріміз ел болып, ұлт болып, осы ең басты құндылықты көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Сайлаудың демократиялық болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекет тарапынан, үкімет тарапынан барлық жағдай жасалды. Бүгін азаматтарымыз сайлауға келіп, дауыс беріп, өз белсенділігін білдіреді деп үміттенемін", - деді Тоқаев. 

"Жаңа ғана жағымды бір жаңалық келді. Еліміздің мақтанышы, танымал боксшымыз Головкин тағы да жеңіске қол жеткізді. Сондықтан келешекте бәрі дұрыс болады деп ойлаймын. Әйтеуір, басты құндылығымыз – татулық, ынтымақ пен бірлік сақталады. Бұл – ең басты мәселе", - деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, ішкі тұрақтылық болса, реформалар ары қарай ойдағыдай жүргізіледі.

Тағы оқыңыз: Головкин Роллстың жағынан ұрып құлатты – видео

Айта кетейік, биыл Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін заңға сәйкес сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымына келді. 20 наурызда ол ант беріп, Қазақстан президенті қызметіне кіріскен болатын. Тоқаев 2020 жылға, яғни Назарбаевтың мандаты аяқталғанша президент қызметін атқара алады. Дегенмен, 9 сәуірде ол кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Сайлау 9 маусымға белгіленді.

Жаңалықтар
0