13:55 26 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD378.83
  • EUR430.99
  • RUB6.04
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаевтың бюллетені урнаның аузында тұрып қалды - видео

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
12117 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне  дауыс беру басталған соң бір жарым сағаттан кейін келді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. Тоқаевтың бюллетені урнаға бірден түспей, екі ортада қалып қоя жаздады. Бірақ кандидат дауыс беріп кеткен соң, бюллетень урнаның түбіне түсті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Опера" театрындағы сайлау учаскесінде дауыс берді.

Кандидат сайлау учаскесіне дауыс беру басталған соң бір жарым сағаттан кейін келді.

Бүгін, 9 маусым күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

Қазақстандағы сайлау хронологиясы

Қазақстанда жалпыхалықтық президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді.

1991 жылдың 1 желтоқсанында елде тұңғыш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Мемлекет басшысы лауазымына жалғыз үміткер Нұрсұлтан Назарбаев 98,78% дауыс жинады. Сайлаушылардың 88,2%-ы өз таңдауын жасаған.

Тағы оқыңыз: Алғаш болып дауыс берген қазақстандық кім?

1999 жылы Назарбаев сайлаушылардың 79,78% даусына ие болса, ал 2005 жылы 91,15% дауыс жинады.

2011 жылдың 3 сәуірінде Назарбаев төртінші мерзімге президент болып қайта сайланды. Ол 95,55% дауыс жинады.

2015 жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97,75% даусына ие болды. Сол жолы өз таңдауын жасаған қазақстандықтар саны 95,11%-ті құраған. 

Президентікке үміткер жеті кандидат
© Sputnik /
Президентікке үміткер жеті кандидат
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

Қасым-Жомарт Тоқаев баратын учаскеде кім бірінші болып дауыс берді - фото
Ресей депутаты Қазақстандағы сайлауға баға берді
Қазақстан президенті сайлауы 2019: тікелей видеотрансляция
Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді - видео
Қазақстандықтардың 12,8 проценті дауыс беріп үлгерді
Кілт сөздер:
фото, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып