Саясат

Шетелдік бақылаушы президент сайлауының маңызды бір ерекшелігін атады

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтан тұрғындары сайлауда дауыс беріп жатыр
Нұр-Сұлтан тұрғындары сайлауда дауыс беріп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы парламентаралық ассамблеясының бақылаушылары экзит-поллдың болмағанын да жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы парламентаралық ассамблеясының атынан келген бақылаушылар тобында Ресей, Беларусь, Армения мен Тәжікстан өкілдері бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Ресей депутаты Қазақстандағы сайлауға баға берді  

Миссия басшысы Сергей Неверовтың айтуынша, таңертең сайлау учаскелерінде көп адам болған жоқ. Ал түске қарай сайлаушылардың саны күрт көбейген.

"Біздіңше таңертең танымал қазақ боксшысы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі көрсетілгеннен кейін адамдардың көбісі оның жеңісін көреміз деп үйінде болды. Ол жекпе-жек біткен соң, сайлау учаскелеріне келе бастады. Содан сайлаушылардың белсенділігі артып отыр деп ойлаймыз. Ол белсенділік әлі де артатын шығар ", - деді Неверов журналистерге берген сұхбатында.

Бақылаушы сайлау учаскелерінде экзит-полл сауалнамасын байқамағанын да жеткізді.

"Біз кандидаттардың штабтарында болғанда экзит-полл бола ма, жоқ па, бәрінен сұрадық. Бірақ ешкім нақты жауап бере алмады. Мемлекеттік деңгейде ондай сауалнама қолға алынбаған сияқты. Себебі мен өзім бірде-бір учаскеде экзит-поллды көрген емеспін. Бәлкім, басқа қалаларда жасап жатқан шығар. Бірақ біз барған учаскелерде экзит-полл  болған жоқ", - деп атап көрсетті Неверов.

Қазақстан президенті сайлауы 

Қазақстанда бүгін кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

Осы жолы сайлауға жеті кандидат түсті.

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел. 
Жаңалықтар
0