Саясат

Кезектен тыс президент сайлауы қалай өтіп жатыр – шолу

© Sputnik / Абзал КалиевСайлау 2019
Сайлау 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 14:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 51,8%-і дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанның барлық өңірінде ашылған он мыңға жуық сайлау учаскесінде қазақстандықтар өз таңдауын жасауда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Түске дейін дауыс бергендер саны

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірі – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де ашылған.

© Sputnik / Владислав ВодневДауыс беру кабинасы
Кезектен тыс президент сайлауы қалай өтіп жатыр – шолу  - Sputnik Қазақстан
Дауыс беру кабинасы

Қазақстандықтар барлығы он мыңға жуық сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. Сайлаушылардың жалпы саны – 11 947 995.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елорда уақытымен сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 %-і дауыс беруге келген. 2015 жылғы сайлауға бұл көрсеткіш 19,17% болған еді.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың бюллетені урнаның аузында тұрып қалды - видео

Ал 12:00-дегі мәлімет бойынша қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады. Өткен 2015 жылғы президент сайлауында дәл осы уақытта дауыс беруге келгендер саны 41,69%-ті құраған болатын.

14:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8%-і сайлау бюллетенін алды. Әсіресе, Ақтөбе (69,4%), Қызылорда (63,1%) және Шығыс Қазақстан облыстарының (59,8%) сайлаушылары белсенділік танытуда. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Бас прокуратура тағы ескертті

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев кезектен тыс президент сайлауы кезіндегі заң бұзушылықтарға тоқталды.

Ол сайлау күні кез келген үгітке тыйым салынғанын еске салды. Заң бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, жеке тұлғалар үшін 15 АЕК, заңды тұлғаларға 30 АЕК айыппұл салынады.

"Десе де, мұндай тыйымға қарамастан, жекелеген азаматтар әлеуметтік желілерде жасырын түрде үгіт жүргізіп жатыр. Кейбірі дауыс бергеннен кейін бюллетенін суретке түсіріп, кімге дауыс бергенін жариялауда. Бұл да үгіт саналады", - деді Дембаев.

Айтуынша, дауыс беру еліміздің барлық сайлау учаскесінде тыныш өтіп жатыр, әзірге өрескел заң бұзушылық тіркелмеген.

Сайлаудағы тәртіпті қанша адам бақылап жатыр

Кезектен тыс президент сайлауында тәртіпті 1 013 адам бақылап отыр. Соның ішінде халықаралық ұйымдардан 866, ал 41 шет мемлекеттен 147 бақылаушы. Олар ТМД, ТМД парламентаралық ассамблеясы, ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы, ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссияларының құрамындағы бақылаушылар.

Тағы оқыңыз: Президент сайлауы 2019: халықаралық бақылаушылар не дейді

2015 жылы өткен президент сайлауында 1 024 халықаралық бақылаушы болған еді.

Бұған қоса, президент сайлауы туралы ақпарат таратуға әлемнің 40 елінен журналистер келді.

Назарбаев дауыс берді

Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен сенат спикері Дариға Назарбаева елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан № 58 сайлау учаскесінде дауыс берді.

© Sputnik / Абзал КалиевНұрсұлтан Назарбаев № 58 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады
Кезектен тыс президент сайлауы қалай өтіп жатыр – шолу  - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев № 58 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады

Елбасы билік жаңа буынға тапсырылатынын, сондықтан бүгінгі сайлау бұрынғыдан өзгеше екенін атап өтті.

Сондай-ақ, кезектен тыс президент сайлауында үкімет басшысы Асқар Мамин, министрлер, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдері мен тағы басқа шенділер де өз таңдауын жасады.

Жеті кандидат та таңдау жасады

Осы жолғы президент сайлауына түскен жеті кандидат та түске дейін сайлау учаскелеріне барып, дауыс беріп үлгерді.

Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан сайлауға түскен Жамбыл Ахметбеков мемлекет басшысы лауазымына таласқан кандидаттардың ішінде дауыс берген алғашқы үміткер болды. Ол таңғы сағат сегізде №66 орта мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

© Sputnik / Александр МирогловҚазақстан коммунистік халық партиясы атынан сайлауға түскен Жамбыл Ахметбеков отбасымен бірге дауыс беруге келді
Кезектен тыс президент сайлауы қалай өтіп жатыр – шолу  - Sputnik Қазақстан
Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан сайлауға түскен Жамбыл Ахметбеков отбасымен бірге дауыс беруге келді

Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана опера" театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде дауыс берді. Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен кандидат сайлау қақтығыс алаңы емес, үміткерлердің ұсыныстары мен бағдарламалары бәсекеге түсетін дода деп атады.

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев "Астана Опера" театрындағы сайлау учаскесінде дауыс берді
Кезектен тыс президент сайлауы қалай өтіп жатыр – шолу  - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Опера" театрындағы сайлау учаскесінде дауыс берді

Қазақстан кәсіподақтар федерациясының атынан кезектен тыс президент сайлауына қатысып жатқан Амангелді Таспихов таңғы 9-да ұлттық академиялық кітапханадағы №111 сайлау учаскесіне әйелі Эльмира Таспиховамен бірге келіп, таңдауын жасады.

Тағы оқыңыз:  Амангелді Таспихов дауыс берді

"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Сәдібек Түгел "Дарын" лицейінде орналасқан сайлау учаскесіне отбасымен бірге келді. Қасында немерелері де болды.

Президенттікке үміткер тұңғыш әйел кандидат Дания Еспаева елорданың №113 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Тағы оқыңыз: Дания Еспаева неге өкініп отырғанын айтты

"Ауыл" партиясы атынан сайлауға түскен Төлеутай Рақымбеков Ұлттық музейдегі сайлау учаскесіне таңғы сағат 10:00-де отбасымен бірге келді.

© Photo : Штаб кандидата Толеутая Рахимбекова"Ауыл" партиясы атынан сайлауға түскен Төлеутай Рақымбеков жары, қызы және немерелерімен бірге
Кезектен тыс президент сайлауы қалай өтіп жатыр – шолу  - Sputnik Қазақстан
"Ауыл" партиясы атынан сайлауға түскен Төлеутай Рақымбеков жары, қызы және немерелерімен бірге

"Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысынан президенттікке кандидат Әміржан Қосанов кандидаттардың арасынан ең соңғы болып елордадағы №72 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Үміткердің жанында әйелі Роза Қосанова да болды.

Жаңалықтар
0