10:44 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Сайлау 2019

"Бір сайлаушыға бес бюллетень берілген": Бас прокуратура заңбұзушылықтар туралы айтты

© Sputnik / Абзал Калиев.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
579 0 0

Бас прокуратураның өкілі берген мәліметке сүйенсек, сайлау заңнамасын бұзатын 19 жайт тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы кезінде сайлау учаскесінде бір сайлаушыға бес бюллетень берілгені анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрпейісов жалпы сайлау процесі республикада бірқалыпты өткенін айтты. Азаматтардың құқықтарын өрескел бұзу фактісі тіркелмеген. Десе де, оның айтуынша, сайлау заңнамасын бұзатын 19 жайт анықталды.

"Заңсыз үгіт – 1, азаматтардың қолдарына бірнеше бюллетень беру – 11, жәшікке екі-үш бюллетень салу және екі учаскеде дауыс беру – 2 факті. Бұл фактілер бойынша прокурорлар 18 әкімшілік іс қозғады", - деді ол ОСК-да өткен брифингте.

Нұрпейісовтің айтуынша, бірнеше бюллетень беру бойынша 12 іс, екі немесе одан көп рет басқа сайлаушы үшін дауыс беру фактісі бойынша 6 әкімшілік іс қозғалған. Барлық материал қазір сотта.

Тағы оқыңыз: "Телефонға түсіріп алдық": бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалды?

"Заң бұзушылыққа жол берген комиссия мүшелері жұмыстан шеттетілді. Мәселен, Қызылордада №251 сайлау учаскесінде бір сайлаушыға бес бюллетень берілгені тіркелді. Оған қатысты 110-бап бойынша әкімшілік іс қозғалып, 25 АЕК айыппұл салынды", - деді Нұрпейісов.

Ол Алматы қаласы, Алматы облысы мен Түркістан облысында екі-үш бюллеттеннен беру, елордада екі учаскеде дауыс берген бір сайлаушыға қатысты прокурорлар 108-баппен іс қозғалғанын атап өтті.

"Олардың төртеуі сотта қаралды, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деді ол.

Тағы оқыңыз: "Урнаны теуіп сындырды": ІІМ учаскеде болған жайтты айтып берді

Тақырып бойынша

Самал Еслямова дауыс беру үшін Қазақстанға арнайы келді
Қыз Жібек пен Төлеген сайлауға барды - фото
Шетелдегі 8 мыңнан аса қазақстандық сайлауда өз таңдауын жасады
Қазақстанның басым бөлігінде сайлау учаскелері жабылды
Президент сайлауы: қазақстандықтардың 77%-і дауыс берді
Кілт сөздер:
заң бұзу, Бас прокуратура, президент сайлауы
Загрузка...

Басты тақырып