05:17 18 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR429.83
  • RUB5.96
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының туы

Халықаралық бақылаушылар сайлаудағы заңбұзушылықтар туралы айтты

© AFP 2019 / STRINGER
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (175)
110 0 0

ЕҚЫҰ миссиясының бақылаушылары тараптардың диалог орнатуы керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары сайлауды бір ай бойы бақылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жастардың үніне құлақ асу қажет

ЕҚЫҰ миссиясының үйлестірушісі Георгий Церетелидің айтуынша, сайлауға дайындық қысқа уақыттың ішінде атқарылса да, дауыс беру шаралары тәртіппен өтті. Дегенмен, сайлау күні бірқатар олқылық болды. Соның ішінде бейбіт митингіге шыққандарды қамауға алу әрекеттері де бар. Ондай оқиғалар Қазақстанның атақ-абыройына кері әсерін тигізеді.

Миссия наблюдателей Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе в составе Бюро по Демократическим Институтам и Правам Человека (БДИПЧ) ОБСЕ и Парламентской Ассамблеи ОБСЕ (ПА ОБСЕ) сделала заявление по итогам президентских выборов в Казахстане
© Sputnik / Абзал Калиев.
ЕҚЫҰ миссиясының үйлестірушісі Георгий Церетели

"Негізі, жастардың үніне құлақ асып, олардың айтқан ұсыныстарын ескеру керек. Олар өте белсенді. Дәл осы энергия жағымды өзгерістерге негіз бола алады", - дейді Церетели.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда өткен президент сайлауының басты ерекшелігі – тұңғыш президенттің өз кандидатурасын ұсынбауында. Алайда заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде үміткерлерге тым қатты талап қойылды.

Тағы оқыңыз: "Телефонға түсіріп алдық": бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалды?

"Осы жолы алғаш рет Қазақстанның тұңғыш президенті сайлауға қатысқан жоқ. Дегенмен, кандидаттар үшін тым қатал талап қойылды. Мәселен, үміткердің мемлекеттік қызметте бесжылдық еңбек тәжірибесі болуы шарт. Ондай талап президенттікке таласатын адамдардың санын қысқартады", - дейді Церетели.

Саяси реформаларды жалғастыру қажет

ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясынан келген бақылаушылар миссиясының басшысы Маргарета Киннер Неллен де бейбіт митингтер мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, қарапайым адамдармен бірге журналистерді де ұстаса, бейбіт жиналыстарға деген адам құқықтарымен бірге сөз бостандығы да бұзылып отыр.

© Sputnik / Абзал Калиев.
ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясынан келген бақылаушылар миссиясының басшысы Маргарета Киннер Неллен

Ал ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы атынан келген делегацияның басшысы Уршула Гацек Қазақстанда әлі саяси реформалар жасау қажеттігін жеткізді. Себебі сайлау кезінде тәртіпбұзушылықтар болды. Байқаушы сайттарды бұғаттау мәселесіне де тоқталды.

Глава миссии по наблюдению за выборами БДИПЧ Уршула Гацек
© Sputnik / Абзал Калиев.
ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы атынан келген делегацияның басшысы Уршула Гацек

"Бұл жерде біз тағы не байқадық? Электронды бұқаралық ақпарат құралдарын шектеу мәселесі бар. Мәселен, кейбір сайттарды уақытша бұғаттап қояды немесе әлеуметтік желілердің жұмысын баяулатып тастайды. Ал Конституция бойынша ақпарат қолжетімді болуы қажет", - деді Гацек.

Еске сала кетсек, кезектен тыс президент сайлауын бақылауға әлемнің 40 елінен 339 бақылаушы келген болатын.

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (175)

Тақырып бойынша

Қазақстан президенті сайлауы демократияға сай әрі ашық болды – Сергей Лебедев
ШЫҰ миссиясының басшысы Қазақстандағы президент сайлауына баға берді
Қазақстандағы бұл сайлау ерекше болды – ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы
Қытай бақылаушылары: Қазақстандағы сайлау әділ өтті
Шетелдік бақылаушы президент сайлауының маңызды бір ерекшелігін атады
Кілт сөздер:
сайлау, сарапшылар
Загрузка...

Басты тақырып