22:49 08 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш

БҰҰ Бас хатшысы Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады

© Sputnik / Владимир Астапкович
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
44 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Бас хатшы мемлекет басшысына табыс тілеп, жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

"Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз", – деді Гутерриш.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның БҰҰ-мен ықпалдастығын одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың ұлықтау рәсімі қалай өтеді - видео

Әңгіме барысында өзара ынтымақтастық пен жаһандық ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Еске сала кетсек, 9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96% дауыс жинады.

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

Тоқаев сайлаудағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады
Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кете ме – Тоқаев жауап берді
Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды
Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты
Халықаралық бақылаушылар сайлаудағы заңбұзушылықтар туралы айтты
 "Жаңа парақты ашамыз": Тоқаевқа Қытай басшысы хат жолдады
Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады
Кілт сөздер:
сайлау, құттықтау, Қасым-Жомарт Тоқаев, БҰҰ
Загрузка...

Басты тақырып