09:58 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
Ақорда

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлыққа қол қойды

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
230 0 0

Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылсын", - делінген құжатта.

Қазақстан президентінің әкімшілігі бір айлық мерзімде саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізуге, өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан республикасы президентінің қарауына кеңестің құрамы мен кеңес туралы ережені енгізу тапсырылды.  

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі немен айналысады

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президентін ұлықтау рәсімінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы хабарлағандай, жаңа орган билік пен қоғам арасында диалог орнату үшін құрылады.

Кеңеске жастарды қоса алғанда барлық қоғам өкілдері кіреді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы 2019 жылдың тамызында өтеді деп жоспарланып отыр.  

Тақырып бойынша

"Ұлт бірлігі үшін": Тоқаев халықтың сан алуан пікірімен санасу керектігін айтты
Сайлауалды дебат: президентікке кандидаттар не ұсынды?
Тоқаев президент сайлауында 69,94% дауыс жинады - "Жастар" зерттеу орталығы
Загрузка...

Басты тақырып