08:25 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Портфель

Жаңа білім және ғылым министрі тағайындалды

© Sputnik / Владимир Федоренко
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1215801

Бұған дейін білім және ғылым министрі қызметін Күләш Шәмшидинова атқарған еді

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

"Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын", - деп жазылған президенттің жарлығында. 

Асхат Аймағамбетов бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді. Ол биылғы жылдың 25 ақпанында ғана тағайындалған Күләш Шәмшидинованың орнына келді. 

Асхат Аймагамбетов
© Photo : Служба центральных коммуникаций
Асхат Аймағамбетов

Асхат Аймағамбетов туралы не білеміз?

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін, Қарағанды "Болашақ" білім беру институтының заң факультетін, "саяси ғылымдар" мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін тəмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастайды. 2004–2005 жылдары "Аңсар" жастар лигасы" ҚБ төрағасы болған, 
2005–2006 жылдары "Медиа СП" ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, 2012–2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2014-2017 жылдар аралығында Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы, 2017 жылы ҚР білім жəне ғылым вице-министрі болып тағайындалды. Ал 2019 жылдың қаңтар айынан бүгінге күнге дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды. 

Тақырып бойынша

Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін ауыстырды
Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова туралы не білеміз?
Тестілеу орталығындағы шу: білім министрі отставкаға кете ме?
"Тәртіп орнатыңыз": білім министрі Нығматулиннен сөз естіді
Білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды
ҰБТ қажет пе, жоқ па? Білім министрі көптің көкейіндегі сұраққа нүкте қойды
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, Күләш Шәмшидинова, білім және ғылым министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып