11:50 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ президенті Владимир Путин

Путин Қазақстанның жаңа президенті туралы: барлық жоспарымыз орындалады деп сенеміз

© Sputnik / Алексей Дружинин
Саясат
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Владимир Путиннің пікірінше, ортақ жобаларды іске асыруда ешқандай кедергі болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның жаңа мемлекет басшысы Ресеймен қарым-қатынасты дамытуды жалғастыра береді деп санайды. Мәскеу Ресей-Қазақстан жобалары іске асады деген үмітте.

"Ірі жобаларымыз бар. Алдағы жоспарымыздың бәрі орындалады деп сенеміз. Қандай да бір кедергі болады дегенге ешқандай негіз жоқ", - деп Путин "Мир" телеарнасына берген сұқбатында мәлімдеді.

Путин еске сала өткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде оқыған, Ресейді жақсы біледі.

"Бұл адам Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алған бағытын жалғастырып, Ресеймен әрі қарай жақындасып, барлық салалар бойынша одақтастығын кеңейте түседі деп ойлаймын: өндірісте де, ауыл шаруашылығында да, ғарыш сияқты ғылыми салаларда да", - деді Ресейдің мемлекет басшысы.

Путиннің айтуынша, Ресей мен Қазақстанның гуманитарлық тұрғыда ынтымақтастығы да үлкен маңызға ие.

Тағы оқыңыз: Қазақстанға да қатысты: Путин зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс туралы айтты

"Елдер арасындағы тауар айналымын өсіру, байланысты әртараптандыру, ынтымақтастық мүмкіндіктерін арттырумен қатар қос халықтың адами қарым-қатынасы да жақсара түседі. Адамдар арасында миллиондаған байланыс бар", - деді Путин.

Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында айтқандай, Қазақстан Ресеймен ынтымақтастығын жалғастыра береді. Оның айтуынша, Мәскеуге ресми сапары барысында Владимир Путинмен екі елдің қарым-қатынасын әрі қарай дамыту туралы сөйлескен.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% қолдауымен Қазақстан президенті болды. Сайланған мемлекет басшысын ұлықтау 12 маусымда өтті.

Тағы оқыңыз: Мәскеуге барғанда Тоқаевты Путин неге қарсы алмады - Абаев қызу талқыға түскен жайтты түсіндірді

Кілт сөздер:
Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып