Саясат

Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидентский полк Службы государственной охраны Казахстана (СГО)
Президентский полк Службы государственной охраны Казахстана (СГО)  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Әнуар Садықұлов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "Арыстан" қызметінің бастығы болды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындады. Президент жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

"Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Айта кетсек, Садықұлов осы қызметті 2014 жылы атқарған болатын.

Әнуар Садықұловтың өмірбаяны

Қазақстан президенті күзет қызметінің құрметті қызметкері Әнуар Садықұлов 1967 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

© Photo : Мемлекеттік күзет қызметінің ресми сайтыҚазақстанның мемлекеттік күзет қызметінің жаңа бастығы Әнуар Садықұлов
Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметінің жаңа бастығы Әнуар Садықұлов

1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. 1985-1987 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті.

Еңбек жолы

  • 1992 жылы ҚР президенті күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін Қазақстан президентінің жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген.
  • 2006 жылы Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды.
  • 2012 жылы Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған.
  • 2013 жылы – Қазақстан президенті күзет қызметінің бастығы болды.
  • 2014 жылы мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР мемлекеттік күзет қызметінің бірінші бастығы болып тағайындалды.
  • 2014 жылғы шілдеден ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "Арыстан" қызметінің бастығы болды.

2017 жылдың мамырында Әнуар Садықұловқа ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді. 

Жаңалықтар
0