06:56 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Портфель

Қазақстан президентінің іс басқарушысы тағайындалды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
378 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев іс басқарушысын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы қызметіне Ерлан Баттақовты тағайындады. Президенттің жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

"Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Ерлан Баттақов туралы не білеміз

Баттақов 1969 жылғы 9 қазанда Қарағанды қаласында туған.

1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын "құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі" мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистика комитеті мен еңбек министрлігінің Республикалық салааралық біліктілікті жоғарылату институтын "бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.

Ерлан Еркінұлы Баттақов
© Photo : Президенттің іс басқармасы сайты
Ерлан Еркінұлы Баттақов

Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтында құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі кафедрасының зерттеуші қызметкері болып бастаған.

  • 1995 жылы – "Алатау Инвест" инвестициялық өндірістік қорының бас маманы.
  • 1996 жылы - Қазақстан Республикасының ұлттық бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы бағалы қағаздар нарығын реттеу басқармасының маманы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.
  • 1996-2007 жылдары – "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржылық директоры.
  • 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі қаржы - талдау секторының меңгерушісі.
  • 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің меңгерушісі.
  • 2010-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы қаржы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
  • 2012-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.
  • 2017-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары.
  • 2019 жылдың 21 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы. 

"Құрмет" орденімен марапатталған.

Тақырып бойынша

Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды
Сағынтаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды
Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін ауыстырды
Жаңа білім және ғылым министрі тағайындалды
Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, президент, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып