21:41 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Ақорда

Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы тағайындалды

© Sputnik / Абзал Калиев.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
235 0 0

Ардақ Әшімбекұлы Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік қызметінің бастығын тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Генерал-майор Ардақ Әшімбекұлы бұған дейін мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметін атқарды.  

Ардақ Әшімбекұлы туралы не білеміз

 1977 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара әскері институтын бітірген. Мамандығы - "Құрылымдардың әскери-қызметтік әрекетін басқару". Ал 2014 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде құқықтану мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолын 1999 жылы Республикалық ұланда бастады. 2001-1013 жылдары Қазақстан президентінің күзет қызметінде сан алуан офицерлік қызметтер атқарды. Ал 2013 жылы күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бір жылдан кейін мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметіне келді. Ал 2018 жылы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. 

Тағы оқыңыз: Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды

Естеріңізге сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әнуар Садықұловты Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындаған болатын.

Тақырып бойынша

36 жастағы министр Асхат Аймағамбетов туралы не білеміз?
Президент Көлгіновті не үшін елорда әкімі етіп тағайындағанын түсіндірді
Жаңа білім және ғылым министрі тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды
Кілт сөздер:
Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып