22:46 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен кездесті

Тоқаев Ауғанстан президентімен кездесті

© Официальный сайт Президента РК /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
69 0 0

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының президентіне ілтипат білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың және көпжақты форматтағы өзара тығыз іс-қимылдардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

"Президент мырза, Сізбен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Бішкек қаласында кездескеніме қуаныштымын. Біздің елдеріміз ынтымақтастықта мол табысқа қол жеткізді. Алдағы уақытта өзара ықпалдастығымызды кеңейту арқылы бұдан да жақсы нәтижелер күтемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мұхаммед Ашраф Ғани Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағанына ризашылық білдірді. Мемлекет басшысын президент сайлауындағы жеңісімен және Қазақстан президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтады. Ауғанстан көшбасшысы Қазақстан халқының өз таңдауы арқылы елдің стратегиялық бағдарының сабақтастығын  таңдағанын атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед Ашраф Ғанидың қызметіне табыс тіледі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Бішкек қаласына барды 

Айта кетейік, бүгін Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды. Мемлекет басшысы ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда.

Тақырып бойынша

Тоқаев Путинмен қалай танысқанын айтып берді   
Тоқаев Оңтүстік Корея президентіне сый жасады - фото
"Менің ағам" Өзбекстан президенті Назарбаевқа алғысын айтты
Көпті мазалаған сұрақ: Қытайға неге Тоқаев емес, Назарбаев барғаны белгілі болды
Трамп екі айдан кейін Назарбаевтың отставкасына қатысты пікір білдірді
Кілт сөздер:
Ауғанстан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып