12:59 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөз сөйлейді

© Sputnik / Григорий Сысоев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
97 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммиті аясында шағын және кеңейтілген құрамдағы жиындарға қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстанның астанасына ұйымға мүше елдер мен бақылаушы мемлекеттердің көшбасшылары келген.

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және кеңейтілген құрамдағы жиындарға қатысатынын хабарлады.

"ШЫҰ кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті аймақтық және ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша сөз сөйлейді", - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Айта кетсек, Тоқаев Бішкекке 13 маусымда барды. Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Жээнбеков Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, Қырғызстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на встрече с президентом Кыргызской Республики Сооронбаем Жээнбековым
© Официальный сайт Президента РК /
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

Сондай-ақ Қазақстан президенті Ауғанстанның мемлекет басшысы Мохаммад Ашраф және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

ШЫҰ туралы не білеміз?

Шанхай ынтымақтастығы ұйымын 2001 жылы Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрды. 2017 жылы ұйымға Үндістан мен Пәкістан кірді.

Бақылаушы мемлекеттер – Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия.

Биылғы жылы Қырғызстан ұйымға төрағалық етеді. Келесі жылы ШЫҰ-ға Ресей төраға болады. Қазақстан үш рет  - 2005, 2011 және 2016 жылы төрағалық еткен еді.

Тақырып бойынша

Тоқаев Бішкек қаласына барды
Тоқаев Шәмшидинованы қызметінен босатты
Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін ауыстырды
Тоқаев наразылық орындарында кездейсоқ болған адамдарды босатуды тапсырды
Тоқаев: Билік халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қоюы керек
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып