03:28 14 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Қасым-Жомарт Тоқаев

"Халық кедейліктен көшеге шықты": Тоқаев Қазақстандағы митингілер туралы айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2232400

Мемлекет басшысының айтуынша, санкцияланбаған митингілер кезінде заңсыз ұсталған азаматтардан билік кешірім сұрайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Көптеген қазақстандық материалдық жағдайы нашарлаған соң, наразылық білдіріп көшеге шықты, деп санайды Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазір митингіге қатысқандардың талаптары қаралып жатыр, дейді президент.

"Негізінен бұл – әлеуметтік сипаттағы талаптар. Бұл мәселелердің бар екенін жоққа шығармаймын. Жалпы айтқанда, олар адамдардың кедейленуінен туындап отыр. Олар үкіметтен көкейтесті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуді сұрайды", - деді Тоқаев Euronews арнасына берген сұқбатында.

Қоғамдық қауіпсіздікке аса зиян келтірмеген адамдар жуырда босатылады, деп жалғастырды мемлекет басшысы.

"Билік естіді. Енді жұмыс істейміз. Олардың арасына кездейсоқ тап болған адамдар барын естідім. Олардың алдында, әлбетте, кешірім сұрап, тез босатамыз. Бұл проблема шешімін табады", - деп президент уәде берді.

"Ал сайлау әділ өткен жоқ дейтіндер ше? Олардың жайы не болмақ?" – деп сұрады тілші.

"Әрине, олар босатылады. Себебі бұл – өз пікірі. Мәселен, мен сайлауды әділ өтті деп санаймын", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: "Бұл - қалыпты жағдай" Абаев Қазақстандағы митингілер туралы айтты

Президент заңсыз әрекеттер тоқтатылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Бас прокуратура санкцияланбаған митинг өткізудің заңға қайшы екенін талай рет ескерткен. Көшедегі тәртіпсіздік акцияға қатысқысы келмейтін адамдарға кедергі жасайды, дейді Тоқаев.

Қазақстандағы президент сайлауы кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүздеген наразылық білдіруші көшеге шықты. Екі қалада санкцияланбаған митингіге қатысқаны үшін мыңға жуық адам ұсталды. 13 маусымдағы ахуал бойынша әлі 180 адам қамауда отыр. Президент наразылық орындарына кездейсоқ тап болған адамдарды босатуға тапсырма берді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев: халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қою керек

Қасым-Жомарт Тоқаев - реформатор

Қазақстанның жаңа президентінің сөзіне жүгінсек, елге саяси және экономикалық реформалар қажет.

"Мен реформатормын, сол себепті статус-кво сақталмайды. Саяси трансформациясыз Қазақстан табысқа жете алмас. Саяси реформаларсыз экономикалық реформалар ілгерілемейді", - деді Тоқаев The Wall Street Journal басылымына берген сұқбатында.

Тағы оқыңыз: Қазақстан президенті қандай реформаларды қолға алады?

Сыртқы саясатта Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алған бағытын әрі қарай жалғастырмақ. Қазақстан Қытай және Ресеймен стратегиялық серіктестігін нығайтады. Тоқаев атап өткендей, Америка Құрама Штаттарымен де экономикалық байланыс орнату өте маңызды.

Тоқаев қалай президент болды

Үш айда Қасым-Жомарт Тоқаев екі рет Қазақстан халқына ант берді. Наурыз айында Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткен соң, мемлекет басшысының өкілеттігі сенат спикері Тоқаевқа берілді. Ал маусым айында ол сайлаушылардың 70,96% қолдауымен ресми түрде президент қызметіне кірісті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев президент ретіндегі басты мақсатын айтты

Ұлықтау рәсімінде Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін маңызды шешімдер қабылданатынын мәлімдеді.

Тақырып бойынша

Қытай Тоқаевтың президент болып сайлануына қатысты пікір білдірді  
Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін ауыстырды
Тоқаевтың жарлығы: Қазақстанда екі агенттік қайта құрылды
Тоқаев Шәмшидинованы қызметінен босатты
Тоқаев Бішкек қаласына барды
Тоқаев Ауғанстан президентімен кездесті
Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөз сөйлейді
Кілт сөздер:
Қазақстан, митинг, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып