Саясат

Тоқаев Душанбеге барды

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға барды.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына келді", - деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Мемлекет басшысы аталған саммиттің пленарлық мәжілісіне қатысады және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев ШЫҰ саммитінде президенттерге үндеу жасады

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті бүгін Бішекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Жаңалықтар
0